29.04.2022, 9:00
Оқылды: 94

Қадір түні - қасиетті түн

Күллі мұсылман халқы асыға күтетін Қадір түнін теректіліктер де ерекше қарсы алды. Ең алдымен, Теректі аудандық әкімшілігінің ұжымы күнұзаққа Алла разылығы үшін ауыз бекітіп, ораза ұстаған тұрғындарға ауызашар берді.

кад тун

Ауызашарда Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев жерлестерін мың айдан да қайырлы саналатын Қадір түнімен құттықтады.

Аудандық мешіттің бас имамы Еркінбек Ебелекқажиев:

-Қадір түні Рамазан айының соңғы он күніне сәйкес келеді. Сондықтан соңғы он күнді құлшылықпен өткізіп, дұға етіп, кешірім тілеп, Қадір түніндей өткізген абзал. Қадір түнінде адамның бір жылғы тағдыры жазылатыны айтылған. Сол себепті, намаз, Құран сүрелерін оқып, Алладан кешірім, береке тілеп, уақытты сауапты іске арнау қажет,- деп бұл түннің ерекшелігіне тоқталды.

КТ 4

Ауызашарға жиылған ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер ақ жарма тілектерін айтып, шын көңілден еліміздің тыныштығын тіледі.

"Бірлік" қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Бағдат Адайхан жамағатқа ораза туралы сұрақтар қойып, белсенді қатысушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ауызашардан соң жұртшылық мешітке бет алып, құлшылық етті. Уағыз тыңдап, білім додасына қатысып, бақтарын сынады. Сәресін ішіп, таң намазын оқыған соң ғана үйді-үйіне тарқасты.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале