28.04.2022, 16:00
Оқылды: 85

Қадір түні – тағдыр түні

Қасиетті Рамазан айының ішіндегі берекелі түндердің бірі – Қадір түні. Қадір сөзі «тағдыр», «өлшем» секілді мағыналарға ие ұғымдардың бірі.

Қадыр түні (5)

Қаратөбе аудандық мешітінде аудан тұрғындары, мешітке келуші жамағат Қадір түнін ерекше атап өтті. Мешітке жиылған жамағатты аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Төлебайұлы арнайы құттықтап, бұл түннің ерекшелігіне тоқталып өтті.

Аудандық «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Әлібекұлы да жиылған жұртшылықты Қасиетті Қадір түнінің береке бірлігімен құттықтап, бұл түнді мұсылман баласы қалай өткізу қажеттігіне тоқталып өтті.
Биыл аудандық мешітте қайырымдылық шаралары үнемі өткізілді. Соның бір айғағы ретінде Қадір түнінде аз қамтылған және адал еңбектерімен ұл-қыз тәрбиелеп отырған 10 отбасыға «Рамазан қоржыны» тарту етілді. Сондай-ақ Рамазан айы басталар шақта мешіт кілемін жаңартып беруге атсалысқан 1992 жылғы туылған азаматтарға алғысхаттар мен сый-сияпаттар табыс етілді. Одан өзге бір ай бойы Құран оқу сабағына қатысып білімін шыңдаған азаматтарға сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары тарту етілді.

Қадыр түні (1)
Жиылған жамағат сап түзеп тарауих намазын оқып, ел мен жердің амандығы үшін дұға тілек тіледі. Биылғы тарауих намазын Орал медресесінің түлегі Әли Әділжанұлы оқып келеді. Тарауих намазынан кейін еркін құлшылық жасаған жамағатқа аудан имамы Әділжан Төлебайұлы, теолог маман Әмірбек Әлібекұлы рухани тағылымды мәні бар дәрістер оқыды. Мешітке келген жамағатты ынталандыру мақсатында танымдық сұрақ-жауап сайысы ұйымластырылып, жеңімпаздар марапатталды. Жамағат таң намазын оқып келесі Қадір түніне аман есен жеткізуді Алладан сұрады.

Әмірбек Жәнібеков,
Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале