15.07.2021, 9:50
Оқылды: 30

Кадр саясатына тың серпін береді

Гүлдана Дәулетова,

Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры:
WhatsApp Image 2021-07-15 at 09.49.24
-Еліміздің көркеюі, әл-ауқатының артуы әкімнің іскерлігіне байланысты. Осындай іскер адамды таңдауды халықтың билігіне беруді дұрыс деп ойлаймын. Қазақтың қанатты сөздерінің бірі «Елге бай құт емес, би құт» дегендей, ауыл әкімі болуға бел буған бүгінгі үміткерлердің мұндай сенімге ие болуы үлкен мәртебе. Қиын да күрделі міндетті мінсіз атқарып, ауылдастарына адал қызмет ету зор жауапкершілік жүктейтіні анық. Сондықтан еліміз бойынша алғаш жүзеге асып жатқан бұл қадам - алғыр, іскер, жаңашыл жергілікті әкімдердің қалыптасуына оң ықпал етіп, кадр саясатына тың серпін береді деген үміттеміз.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале