4.09.2024, 11:30
Оқылды: 30

«Қадыр – қазына» жобасы: Оралда Теректі өнерпаздарының концерті өтті

Терегі самал желмен билеген, қойнауына құт қонған, дарынымен дараланған, елінде өсиет бар, жерінде қасиет бар, ғасырға тарта тарихымен мақтанатын, Марабай һәм Ақұштап ақындарынан бақ табатын, Тақсай ханшайымы арқылы тарихта жатталатын Теректі ауданы бүгін Орал шаһарына көшіп келгендей. Неге дейсіз бе? Тінін тарқатайық…

C60F1265-C8E8-44B1-A49D-C6AEDB89BFAE

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында Теректі ауданы көркемөнерпаздары «Қадыр – қазына» жобасы аясында «Ауыл – атамекен пернесі» атты концертін жалпақ жұртшылықтың назарына ұсынды.

AEC4A43F-1260-4FF2-BEA9-CD6681A7979E

Талай ақындар мен батырларға мекен болған Теректі өңірі – ән мен жырдың елі. Бір сөзбен айтқанда, талы мен терегі ән салып тұрғандай көрінетін Теректі халқы Қадырдай ақынның қазынасымен сусындап, бүгін Орал шаһарына үлкен мереке ала келді.  

Қадырдай алыптың атындағы өнер ордасының сахнасы төрінде теректілік өнерпаздар әуелетіп әнге салды, жанарды би жаулап, күмбірлеп күй төгілді.

15BEFBD2-BA22-49C2-86ED-7668E07F7D8A

Сахна шымылдығы «Әншілер» тобы және үлгілі «Өркен» вокалды ансамблінің орындауындағы «Өз елім» әнімен түрілді.

Ғажап кеште Ж.Қайыров, Д.Жұмағалиев, Л.Мұхамбетжановалар дәстүрлі әнді әуелетті. Сонымен қатар «Телқоңыр» ансамблі «Қазақ осыны» орындады.

8AC9DDA2-8E7E-4DC0-B78F-3F1143F53CD9

Одан әрі «Дат» халықаралық театры ұсынған «Ғашық күндер» әдеби сазды композициясы сәтті қойылды. Ағайынды ақындар – Әділет пен Ақтілек Орынбасаровтардың «Қадыр ақынға арнауы» кеш шырайын аша түсті.

982FB011-9800-435B-B1B6-48A9AC285F4A

Концерттік бағдарламадан соң сахна төріне Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова шығып Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер ордасының директоры Серік Тоқмамбетовке Теректі жұртшылығының атынан сыйлық табыстады.

3695B72B-CB2F-4A69-A579-57DDB487A7BE

Сонымен бірге Серік Тоқмамбетов те жылы лебізін білдіріп, кештің жоғары деңгейде өткенін тілге тиек қылды. Кеш соңында «Атамекен» әні шырқалып, жиналған көрермен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале