5.03.2025, 17:15
Оқылды: 141

Қадыр оқуларында топ жарды

Өрелі өнерпаз Інжу Төлеужанның жетістіктерін газетіміз арқылы қалың оқырманға жария етуді жөн көрдім.

Інжу

Інжу десе, дегендей, сирек кездесетін дарын иесі бала кезінен ән өнеріне ден қойып, домбырада ойнауды үйреніп, аудандық, облыстық ән байқауларында талай мәрте топ жарды.Биылдың өзінде ол республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінің «Әнші бұлбұлдар» бағытында ІІ орын иегері атанса, ақпан  айында ауданда өткен Қадыр оқулары сайысында І орын алып, облысқа жолдаманы жеңіп алды.

Облыстық кезеңде жас талант «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы» бөлімінде Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған әнді орындаудан алдына жан салмай, тағы да жеңіске жетіп, ауыл ел мерейін асқақтатты.

Жұбан ауылындағы Талап мектеп-бөбекжай кешенінің 8- сынып оқушысы Інжудің осындай жетістікке жетуіне талай шәкірт тәрбиелеп ұшырған мақтаулы ұстаз Гүлнәр Табылдықызының сіңірген еңбегі зор екенін айта кеткен жөн. Өйткені Жұбан, Сағынғали, Сәйімжан, Жасталап сынды әдебиет пен өнердің өкілдерін толғатқан топырақтан осал жан шықпайды.

Әсия Шырай,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале