14.01.2025, 9:30
Оқылды: 161

Қадыр жылы ресми басталды

Сырым ауданында Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына орай  еске алуға арналған шара өтті.

IMG_7672

5 қаңтар - ақын туған күн. Бір күн бойы жалғасқан шара Қадыр алаңынан бастау алды. Ақын ескерткішінің алдында гүл шоқтарын қою рәсімі мен ХІІІ аудандық Қадыр оқуларының ашылу салтанаты өтті. Ақынның құрметіне арналған шараға қарындасы Күлаш Мырзалиева, «Қадыр қоры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Донеділ  Қажымов, Сырым ауданының Құрметті азаматы Құсайын Бақтияров қатысты.

IMG_7673

Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов іс-шарада сөз сөйлеп,  Қадыр ақынның 90 жылдығы республика көлемінде кеңінен насихатталатынын, алғашқы шара туған жері Жымпитыдан басталғанын, тойдың басым бөлігі облыста, ауданда өткізілетінін, басқа аудандар арасында ақынның өлеңдерін оқу челленджі, дала қызықтары ұйымдастырылатынын айтты.

Ардагер-ұстаз Гүлбақша Ерғалиева ақынмен елге келгендегі кездесу сәттерінен естеліктермен бөлісті.

Балабақша тәрбиеленушілерінен бастап, жоғары сынып оқушыларына дейін Қадыр өлеңдерін оқып, әдеби монтаж қойды. Аудандық мәслихат  депуаты Жасқайрат Кенжебаев  ақынның «Қазақ пен қонақ» атты өлеңін жатқа оқыды.

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале