12.04.2026, 14:30
Оқылды: 14

Қадыровтың ізімен…

Сырым ауданында физика пәнінен Қазақстанның Халық ағарту ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Сырым ауданының Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Марат Қадыров атындағы олимпиада өтті.

photo-output

Қадыров атындағы олимпиада - аудандық білім беру бөлімінің педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижеге жетуге ұмтылысын арттыру мақсатында қолға алған жобасы. Білім сайысы өз тәжірибесіндегі тиімді әдіс, идея немесе жобаны таныстыру және физика пәні бойынша тапсырмалар орындау бағытындағы екі кезеңнен тұрды.

IMG_9972

Қорытынды шараға құрмет иесі Марат Қадыров, ардагер-ұстаздар Гүлбақша Ерғалиева, Дариға Қонақбаева, «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев, Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов және аудан ұстаздары мен жас мамандар қатысты.

Аудан мектептерінен жалпы саны 11 ұстаз қатысқан олимпиаданың қорытындысы төмендегідей:

I орын – Жанар Хайруллина (Қ. Мырзалиев атындағы ЖОББМ)
II орын – Назгүл Охас (Қосаба МББК)
II орын – Аякөз Тасменова (Қ. Мырзалиев атындағы ЖОББМ)
III орын – Айгүл Дүйсенбаева (М. Қаналиев атындағы МББК)
III орын – Зульфия Айтимова (Абай атындағы МББК)

Қадыров Марат Сақыпұлы – қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті күміс медальмен бітірген. 1962 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, физика пәні мұғалімі мамандығын алып шықты.

Алғашқы еңбек жолын 1962–1963 оқу жылында Тайпақ ауданы Есенсай ауылындағы «Қазанның 40 жылдығы» мектебінде өз мамандығы бойынша бастайды. 1963–1965 жылдары Жымпиты ауданы, Жымпиты орта мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етті.

Баскетболдан, қол добынан бірнеше дүркін облыс чемпионы атанған Марат Сақыпұлы ауданның алғашқыларының бірі болып оқушылар арасында баскетбол, қол добы, үстел теннисі секілді спорт түрлерін дамытуға үлес қосты. Кейін оның көптеген шәкірттері спорттық жарыстарда үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

photo-output

1965 жылдан 1984 жылға дейін Жымпиты мектебінде директордың орынбасары, кейін мектеп директоры болып үздіксіз қызмет атқарды.
2025 жылы аудандық музейде Қадыров атындағы зал ашылды.

Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале