22.11.2021, 18:20
Оқылды: 92

Қайтпас қайсар жандар ауданымызда

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақ зағип жандар қоғамының ұйымдастыруымен «Рухы мықты жандар» атты концерт өтті.

WhatsApp Image 2021-11-22 at 18.15.32 (1)

Шара «Қазақ зағип жандар» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Мұрат Жақсығалиұлының алғы сөзімен басталды.

WhatsApp Image 2021-11-22 at 18.15.32 (2)

– Бүгінгі «Қазақ зағип жандар» қоғамдық бірлестігінің ұжымы ұйымдастырып отырған концертіне қош келдіңіздер! Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевке, мәдени-демалыс орталығының директорына, ұжым қызметкерлеріне, алтын уақыттарыңызды бөліп келген Қаратөбе ауданының тұрғындарына алғыс айтамын,- деп тілегін білдірді.

WhatsApp Image 2021-11-22 at 18.15.32 (5)

Аталмыш шарада өнерпаздар «Ауылға барам», «Отан – Ана», «Жібек сезім», «Достарым», «Егіз лебіз», «Есіне ал», «Қазақстаным алға», «Бала махаббат», «Елге тілек», «Қыздарда достық болады» әндерімен қатар «Белгілі емес пе?!», «Қазақстаным» тақырыбында жыр жолдары оқылды.

WhatsApp Image 2021-11-22 at 18.15.32

– Өмірдегі жағдайларға мойымастан, бойындағы өнерлерін елге паш етіп жүрген азамат, азаматшаларға бас игеніміз дұрыс деп есептеймін. Өнерлеріңізді көрсетіп «Рухы мықты жандар» атты концерттік кеш сыйлағандарыңыз үшін аудан халқы атынан шынай алғысымды білдіремін. Сізге және өнер ұжымына шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін -, деп тілегін білдірген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев алғыс хат ұсынды.

Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале