1.11.2021, 17:30
Оқылды: 37

Қайырбек жеңімпаз атанды

Жуырда Тасқала аудандық мешіті және Руханият ҚБ-нің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында "Құран мәңгі мұғжиза" атты Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан сайыс өтті.

17

Жамағатты бірлікке шақырып білім алуға ынталандыру мақсатында өткен жарыс нәтижесінде Қайырбек Ғаббасов бірінші орынды жеңіп алып, жеңімпаз атанса, Қанат Жүсіпқалиев пен Дархан Абдрахманов екінші және үшінші орындарды иеленді. Жеңімпаз және жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыс соңында дастархан жайылып уағыз-насихат айтылды.

Өз тілшіміз,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале