19.04.2022, 16:15
Оқылды: 41

Қайырымды қарияның ізгілікті ісі

Қаратөбе ауданы Шалғын ауылын су басқаны белгілі. Аяқ асты болған табиғи апаттан қиын жағдайға душар болған шалғындықтарға ел болып жан-жақтан көмек көрсетіп жатыр.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

 Жерлестерінің жағдайына алаңдаған Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын жерлесіміз Баймағамбет Батырғалиев табиғи апатқа байланысты ашылған «Менің Қаратөбем» қайырымдылық қорының есепшотына алғашқылардың бірі болып 100 мың теңге қаржы аударыпты. Сонымен қатар өз қаражатына сатып алған заттай көмегін ауыл ардагері Еркінбек Жәнібековтен аманат етіп беріп жіберіпті.

«Аманатқа қиянат жоқ» демекші, Еркінбек Ғаббасұлы Баймағамбет Кәрімұлының аталмыш шотқа 100 мың теңге қаржы аударған түбіртегін көрсетіп, аманаттаған заттарын тиісті орынға тапсырғанын айтады.

Біраз жылдар ауданда түрлі қызметтерді атқарған жерлесіміз Баймағамбет ағаның туған жерге деген бұл жанашырлығы өзге жандарға үлгі болмақ.

 Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі: muftyat.kz

                                                                              

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале