25.08.2022, 10:00
Оқылды: 84

Қайырымды жан қадірлі

Қазіргі таңда республика көлемінде «Мектепке жол» акциясы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Осыған орай Қамысты ауылдық округінде мектеп жасындағы оқушылар анықталып, мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасақталды. Акцияның мақсат-міндеттерін таныстыру, қолдаушылардың қатарын көпшілікке насихаттау мақсатында желілерге, фейсбук парақшасына жарнама, хабарландырулар берілді.

1

Акция аясында кеңсе тауарлары үшін арнайы бұрыш ұйымдастырылды. Алдымен мектеп әкімшілігінің бастамасымен арнайы бұрышқа алынған 50 теңгеден 30 дәптер (1500), 60 теңгеден 20 қалам (1200), 700 теңгеден 5 дана ермексаз (3500), 500 теңгеден 5 дана пенал (2500) және 40 теңгеден 20 жәй қарындаш (800) қойылды. Оқу құралдарының құны 9500 теңгені құрады.

Айта кету керек, Ұ.Айтпукешова, Ж.Мұқатова, Г.Қабетенова, Г.Сабырғалиева, А.Есқақова мен О.Кенжебаева сынды ұстаздар сыныптарындағы қамқорлыққа мұқтаж оқушыларға қолдау көрсетті. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Райгүл Басирова жалпы құны 80 мың теңге тұратын киім-кешектер мен оқу құралдарды тарту етті.

Балаға мейірімін төгіп, қамқорлық көрсетуден қалыс қалмайтын кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы жетекшілерін осындай игі іске ұйытқы болуға шақырамыз.

Нәсіпханым Сейтқалиева,

Е.Ниетқалиев атындағы мектептің әлеуметтік педагогі,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале