Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің барлық өңірінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында демеушілік танытып, қайырымдылық жобаларды іске асырып келеді.
Наурыз мейрамы қарсаңында аталған қор балаларға қуаныш сыйлауды ұйымдастырып отыр. «Жаздық жолдама» деп аталатын кезекті жоба ауыл мектептеріндегі 5-8 сынып оқушылары үшін зияткерлік және шығармашылық дамуымен демалысты қамтамасыз етеді.
Бүгін Бөрлі ауданынына қарасты ауыл мектептеріне «Наурызнаманың» салтанатты іс-шаралары аясында демалыс сертификаттарын табысталды. Мәселен, Бөрлі ауылдық №1 мектебіне 6 сертификат берілді. Демек, жаз мезгілінде аталған мектептің 6 оқушысы Оралдағы лагердің бірінде тегін екі апталық демалыс өткізді. Бұл үлкен қолдау дейді мектеп әкімшілігі. Сертификатты бүгін ауыл әкімі Әзілхан Зарифов салтанатты түрде табыстады.
Мектептің 9-сынып оқушысы ҚарақатЖанболатқызының анасы Алтынзер Бақтиярова бұл шараға арнайы келіп, ата-аналар атынан алғысын білдірді.
- Былтыр қызым Оралдағы Еуразия туристік-сауықтыру кешенінде демалып келді. Міне оған бір жыл өтсе де, қызым лагерьден алған әсерін, қызықты сәттерін күні бүінге дейін айтып отырады. Осы жобаны ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін, - деп атап өтті.
Жалпы қайырымдылық қор атынан аудандағы ауыл мектептеріне барлығы 40 сертификат табысталды. Бұл жолдама негізінен оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған. Сондықтан лагерьге қай оқушы жіберілетінін мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайды.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz