«Қаладан-ауылға» бағдарламасы аясында Елтай ауылдық округіне 3 отбасы көшіп келген. Бұл туралы тұрғындармен кездесуде округ әкімі Рашид Байыров айтты.
- “Қаладан - ауылға!” - ауылды сақтауға арналған берекелі бағдарлама. 2024 жылы ауылға 3 жанұя көшіп келді. Сол арқылы қатарымызға 13 тұрғын қосылды. Жанұялардың бәрі де тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жыл басынан бері 3 отбасыға 141 мың теңгенің материалдық көмегі берілді. Ал, 48 жанұяға 1 млн. 126 мыңның қайырымдылық көмегі көрсетілді, - дейді сөзін толықтырып Рашид Серікұлы.

Елтай ауылдық округі мал азығын жинау науқанын да табысты аяқтады. Меже 6,67 тонна болса, ол асыра орындалды. Қор мен қоймаға 7,03 тонна азық жиналды.
Бұл жақтағы шаруашылықтар да техникалық жаңару үдерісін өткеріп жатыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке «Маһарша» және «Бейбарыс» шаруа қожалықтары 2 – “Беларус-1221.2с” тракторын және тырма соқа секілді агрегаттарын алды.

Ауыл - айналадағы өрт қауіпсіздігін ойламаса болмайды. Халық ауыл көшелерінің бойына өрт гидранттарын салуды сұрады. Ол “қызыл көліктерге” бүйірін суға тез толтырып, қысылтаяң шақта ширақ қимылдауға мүмкіндік береді. Елдің сұраған екінші мәселесі - су көтерме станциясына баламалы қуат беретін электрогенератор орнату.
Жиынға Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов пен сала басшылары, депутаттар қатысты.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы