Жақында "Орал" спорт клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған қол күресінен 2000-2004, 2005-2007 жылы туған жасөспірім мен жастар арасында ашық қалалық чемпионат өткен болатын.
Чемпионатқа Бәйтерек, Қаратөбе, Казталов, Жаңақала, Сырым, Шыңғырлау, Жәнібек аудандары, Орал қаласы жауынгерлік өнер қауымдастығының балалар-жасөспірімдер мектебі, "Орал" спорт клубы қатысты.
Кіл мықтылардың ішінен алға шығып, жүлдегер атанған жәнібектіктердің қарқыны мықты болды.
Атап айтсақ, 2005-2007 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында 65 келі салмақта Әлімжан Қадыров 2-орынға, 75 келі салмақта Рашид Наурызбай 2-орынға, 80 келі салмақта Ғалижан Көшкенғали 3-орынға, Жалғас Берікқалиев 1-орынға ие болды.
Ал 2000-2004 жылы дүниеге келген жастар арасында +75 келі салмақта Кенесары Садман 2-орынды еншілесе, Рахат Көшкенғали жеңімпаз атанды.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz