Қазболат Құрмашев дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды
2 Ақпан 2023

Қазболат Құрмашев дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Оралда апатты үйдің тұрғындарына баспана берілді
1 Ақпан 2023

Оралда апатты үйдің тұрғындарына баспана берілді

Соғыс және еңбек ардагері Иван Степанович Гапич 100 жасқа толды
1 Ақпан 2023

Соғыс және еңбек ардагері Иван Степанович Гапич 100 жасқа толды

Оралдағы №28 мектепте өрт шықты
31 Қаңтар 2023

Оралдағы №28 мектепте өрт шықты

Оралда демалыс базасына сырғанауға барған 17 жасар қыз ауыр жарақат алды
30 Қаңтар 2023

Оралда демалыс базасына сырғанауға барған 17 жасар қыз ауыр жарақат алды

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында
24 Қаңтар 2023

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында

«Қалам ұшындағы ойлардың» құтты қадамы

Бүгін Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханада Қазақстанның құрметті журналисі Серік Ғабитұлы Жұмағалиевтің «Қалам ұшындағы ойлар» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Осы өңірде туып, талай жылдар ауданда жемісті еңбек еткен Серік Ғабитұлын Казталов ауылының кіреберісінен ауыл әкімі Ернар Галимов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Абешова және аудандық «Ауыл айнасы» газетінің ұжымы қарсы алып, ауыл дәмінен дәм татқызды.

2

Кітап тұсаукесеріне арналған кеште алдымен аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова сөз алып, Серік Ғабитұлын алғашқы кітабының жарық көруімен құттықтады.

4

Аудандық мәслихатта депутат, аудандық газетте редакторлық қызметтерде болған кезде көптеген игі істерді атқаруда жұмыла жұмыс жасағанын тілге тиек етті. Аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев ардагер журналистті талай жылдардан бергі еңбектерінің жинақталып, кітап болып басылып шығуымен құттықтады.

3

Кеш барысында Серік Ғабитұлының өмірі мен еңбек жолы жайындағы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Бейнероликтен соң кеш кейіпкері Серік Ғабитұлы, еңбек ардагері Уәлиолла Әбішов және баспасөз саласының ардагері Роза Мырзағалиева «Қалам ұшындағы ойлар» кітабының лентасын қиып, қаламгерге жылы лебіздерін білдірді. С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығының өнерпазы Мұрат Ахметовтың домбырамен орындаған көңіл тебірентер әуезді әнінен соң сөз кезегі кеш кейіпкері Серік Ғабитұлының өзіне ұсынылды.

«Кітапқа, әдебиетке, көркем шығармаға деген ынтызарлық бала кезімнен бері қалыптасқан еді. Осы құштарлықтың жетегімен филология саласында білім алып, кейінгі еңбек жолымды да осы қара қалам мен ақ қағаз төңірегіне топтастырдым. Аудандық газетте еңбек еткен шақта жазылған барлық туындылар, ой-толғамдар, шағын сатиралық жанрдағы жазбалар және шәкірттерімнің де шығармалары осы «Қалам ұшындағы ойлар» атты кітабымда жинақталған. Өкінішке орай, технология мен техника дамыған сайын жас ұрпақ кітаптан, жалпы баспасөзден алшақтап барады. Бұрын біз таласа, қызыға, қолдан-қолға алып жүріп оқитын көркем әдебиеттер қазір тасада қалып жатыр. Осы жай жанымды қынжылтатыны да рас. Осы кеште жиналған барша жастарға кітаптың құны әрдайым биікте, кітапты жанына серік еткен жанның өмірден ұтары да көп болмақ деген ақылымды айтқым келеді», деп ақтарыла сөйлеген автор жинағының жарыққа шығуына атсалысқан аудан әкімдігіне, аудандық мәслихатқа және өзінің ізін жалғап келе жатқан ізбасарларына алғысын жеткізді. Серік Ғабитұлына мектеп оқушылары тарапынан түрлі сауалдар қойылып, жауаптар алынды. Оқушылар көкейіндегі көп сұраққа жауап берген қаламгер, сынаптай сырғыған уақыт бедерінде қалған біршама қызықты сәттерді еске түсіріп, жиналған көпшіліктің езуіне күлкі үйірді.

«Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Қайрат Есімғалиұлы ұжымға ұстаз бола білген Серік Ғабитұлына барша баспасөз ұжымының атынан ізгі лебізін білдірді. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангереева кітап авторын құттықтап әдебиет саласына бет бұрған жас өрендердің жолын ашудағы жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді.

1

«Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Қыдыр Харесұлы Серік Ғабитұлына арнаған жыр жолдарын шабыттана оқып, кеш шырайын аша түсті. Кеш соңында «Ауыл айнасы» газеті ұжымы атынан Серік Жұмағалиев пен жұбайы Екатерина Жұмағалиеваның иығына ұлттық нақыштағы шапан мен камзол жабылып, аудан әкімінің арнайы алғысхаты және естелік сыйлық табыс етілді.

5

Шараның барша қатысушылары Серік Ғабитұлының арнайы дайындаған ақ дастарханының қонағы болып, керемет кеш келелі әңгімеге, сырлы сыр-сұхбатқа толы тамаша отырыспен жалғасын тапты.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале