Ақжайық ауданында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші-термеші Қаламқас Орашеваға арналған «Көмейінде күміс жыр» атты ІV республикалық қыз келіншектер арасындағы термеші-жыршылар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - Қаламқас Орашеваның есімін мәңгі есте сақтау, әнші-термешінің үнтаспада жазып қалдырған Нұрпейіс атасының «Нарқыз», «Төрехан», ұстазы Ғарифолла Құрманғалиевтың әндерін, бабалары Махамбет пен Базар жыраудың толғау-термелерін ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау, жыршылық-термешілік өнері арқылы кейінгі ұрпаққа ана тілін, дәстүр мен тарихты, өнерді сақтаудың өнегесін ашып, өнер әлемінде жаңа жырау-термешілердің есімін ашу.
Термеші-жыршылар байқауының жүлдегерлер есімі былайша өрбіді
Қаламқас Орашева атындағы Бас жүлде (500 000тг.) – Әмина Ғайнеденова, БҚО, Орал.
І орын (350 000тг.) – Зүлфия Баймурзиева, Қызылорда облысы.
ІІ орын (200 000тг.) – Жанар Нұрмұханова, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
ІІІ орын (100 000тг.) – Ақмарал Кемелханова, БҚО, Орал.
Нұрбек ИХСАННЫҢ фотохабары
Ақжайық ауданы