Бәйтерек ауданына қарасты Приурал аймақтық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Нұргүл Биссалиеваның айтуынша, арнайы жоспарға сай қадағалаусыз қалған балалар, алкогольдік ішімдік қолданатын жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Биыл 10 айда кәмелетке толмағандардың белгіленген уақыттан кейін заңды өкілсіз жүргені, ата-ананың немесе заңды өкілдің баланы тәрбиелеуде тиісті міндеттерді орындамау фактілері анықталып, 17 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылған.
Кәмелетке толмағандардың қатысымен 5 қылмыс жасалса, жасөспірімдер арасында 10-ы мінез-құлқы ауыр бала бар. Оның ішінде 1-еуі себепсіз сабаққа қатыспаса, 4-еуі алкогольді ішімдік ішетін, нашақұмар, 5-еуі қылмыс жасағандар санатына жатады. Кәмелеттік жасқа толмағандардан учаскелік полиция есебінде 2 бала тұр.
Сондай-ақ бір тұрғын ата-ана құқығынан айырылғаны үшін, 5 ата-ана алкогольдік ішімдікті пайдаланағы үшін тіркеуге алынды.
Гүлжан Аязбаева
Дариян ауылы
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер