13.09.2024, 14:45
Оқылды: 51

Қамидолла Ислямқұлов: «Елдің мүддесін алға қояйық!»

B7B08D78-FCCF-4FFD-AAB7-C4E54FFB3EE0

Сурет: pixabay.com

Қамидолла Ислямқұлов,

Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:                                                                 

– Мемлекет басшысының атом энергиясын бейбіт мақсатта Қазақстанның экономикасын дамытуға пайдалану туралы шешімінің арғы жағында еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы, экологиялық мәселелерді шешудің жатқанын ескерген жөн. Өйткені электр қуатын тұтынудың кейінгі жылдары еселеп артып бара жатқанын, болашақта оған деген тапшылықтың күшейе түсетінін мамандар ескертумен келеді. Сондықтан бұл тұйықтан шығудың бірден-бір жолы атом энергетикасының әлеуетін пайдалану болмақ.

Ғалымдардың болжамына қарағанда алдағы 10 жылдан кейін елімізде электр энергиясының тапшылығы байқала бастайтын көрінеді. Кеңес дəуірінде салынған жылу электр стансалары әбден ескірген, ондағы жабдықтардың тозуынан апаттық жағдайдың болуы электр энергетикасына сенімділікті төмендетіп отыр.

Туындап отырған тығырықтан шығу үшін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев аталған тағдыршешті мәселені референдум арқылы халықпен ақылдасу туралы өз ұстанымын білдірді. Өйткені елімізде атом электр стансасын салудың маңыздылығы мен оның объективтік қажеттілігін Президенттің энергетикалық қауіпсіздікті – мемлекеттік қауіпсіздік мəселесі деп қарастыруы көрсетіп отыр. Расында да, қазір атом энергетикасын дамыту ерекше маңызды экономикалық және саяси аспектіге айналды. Болашақты болжайтын болсақ бұл мәселеде АЭС-ті пайдаланып отырған батыс елдерінің тәжірибелеріне сүйенген жөн, бұған қоса осы жерде жұмыс істейтін мамандарды даярлау жағына да ерекше назар салған дұрыс.

6 қазанда ел тұрғындары өздерінің дұрыс шешімін қабылдайды деп сенеміз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале