3.02.2022, 16:09
Оқылды: 18

Қамқорлық акциясы жалғасуда

Теректідегі "Jas Otan " ЖҚ мен жастар ресурстық орталығы бірігіп, Жаңаөмір ауылында "Ардагерлерді ардақтайық" акциясын ұйымдастырды.       

C777ABEA-1652-4F9B-96D0-3A495A30391C

    Қайырымдылық акциясына қатысқан жергілікті  Шаған орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері ауылдағы еңбек ардагері Зинаида Бердниктің үйіне арнайы барды.

BE3134F0-7D84-4482-B632-2B66AD925CCC

    Хал-жағдайын сұрап, шаруасына қолғабыс тигізген жастарға Зинаида Ивановна дән риза. Әсіресе ауласын басып жатқан қардың тазартылғаны жалғызілікті кейуана үшін үлкен көмек.

Алдағы уақытта осындай қамқорлық шаралары жалғасын табады.

Үміткер Орынғалиев,

"Jas Otan " жастар қанаты Теректі аудандық бөлімшесінің жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале