16.07.2021, 19:48
Оқылды: 67

Қамысты ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілуде

Жәнібек ауданы Қамысты ауылындағы тозығы жеткен екі қабатты ғимараттың іргетасы бұрынғы мектепке арнап 1965 жылы салынған. Салынған жылдан бері ешқандай күрделі жөндеу жүргізілмеген. 2013 жылы мәдениет үйіне берілген. Сондай-ақ бұл ғимаратта кітапхана да орналасқан. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «КомпанияСтройИндустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

73C32B35-D0BE-4B3B-9FA0-8AAD904363ED

Оған 128 645 503 теңге бөлінген. Ал жылыту жүйесін толық ауыстырып, модульдік-блоктік от жағу жүйесіне бөлек жоба жасалды. Мәдениет үйінің күрделі жөндеуімен танысқан аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев мердігер компания өкіліне жұмыстың қарқынды әрі сапалы жүргізілуін тапсырды. Құрылыс жоспар бойынша қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.

Ә. Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале