6.05.2022, 10:11
Оқылды: 75

Қамыстыдағы кездесу

Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Президенттің Жарлығына сай Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев пен дербес бөлім басшылары Қамысты ауылына барып, халықпен кездесті.

IMG-20220506-WA0014

Осы орайда аудан басшысы атқарылған жұмыстар хақында баян етті. Жиында ауыл тұрғыны, зейнеткер Жаңылсын Дошева ауылға тұрақты полиция керектігін айтса, Бұрхан Өтеғалиев  ауылда киіктің көбейіп, мал жайылымдарына кіріп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ зейнеткер мемлекеттік мейрамдар өз дәрежесінде өтпейтініне налыды. Басқосуда Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептің директоры шағын орталықта ойыншықтар азайғанын, мектеп автокөлігінің тозығы жеткенін айтты.

IMG-20220506-WA0015

Аудан әкімі тұрғындардың қойған сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Л.Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале