12.12.2019, 16:08
Оқылды: 29

Қанай ауылында медициналық пункт күрделі жөндеуден өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Бөрлі ауданы Қанай ауылдық округінде медициналық пукнт күрледі жөндеуден өтіп, елдің иілігі үшін пайдаланылуға берілді.

borli (2)

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, мәслихат хатшысы Әділхан Куликешев және ауыл тұрғындары қатысты.

borli (1)

-Барша Қанай ауылының тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгідей қуаныштың себепкері болуымыз ең алдымен елдегі тыныштықтың, халықтың ынтымағының арқасы. Ұлттың саулығы мемлекет үшін ең құнды дүние. Сондықтан бұл медпунк ауыл тұрғындарының иігілі үшін қызмет еткей, - деп игі тілегін жолдады аудан әкімінің орынбасары Алтай Серғазыұлы.

borli (4)

Шарадағы лента қию құрметі аталмыш медпунктің құрылысын жүргізген мерігер «Жиенбай» ЖШС өкілі Жайдар Сайынов пен ардагер ұстаз Татьяна Кузеняткинаға ұсынылды.

Бөрлі ауданының құрметті азаматы, тыл ардагері Сансызбай Күзембаев барша ауылдастар атынан сөз алып, құрылысты жүргізген мердігерге, еңбегі сіңген баршаға ризашылығын жеткізді.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале