Облыс әкімі Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде осы мәселеге кеңірек тоқталып өтті.

Краснов ауылы маңындағы Котельников ауылында тұратын «Бекен» шаруа қожалығының жетекшісі Құбайдолла Бекенов аталмыш ауылға су құбырын тарту және қатқыл табанды жол салу жайын көтерген еді.

-Маған аудан әкімдері келіп, бір ауылға қолдау көрсету жайын сұрағанда ол ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қараймын. Егер ауыл әкімі жергілікті кәсіпкерлермен жақсы жұмыс істеп, яғни кәсіпкерлік субъектілерін ресми тіркеуге қойып, олар уақтылы салығын, қызметкерлерінің зейнетақы, медсақтандыру аударымдарының жүргізілуіне ұйытқы болып отырса, ол ауылды неге қолдамасқа?! Мемлекет тарапынан көптеген кәсіпкер, фермерлерге субсидия, лизинг түрінде көптеген қолдаулар жасалды. Олар да соны сезінулері керек. Ауылдарды ауыз сумен қамту мәселесін біз шешеміз. Жолға қатысты айтар болсам, егер бұл ауыл басымдыққа ие елді мекенге кірсе, жол да жөнделмекші, - деді облыс әкімі.
Сәкен Әбілхалықов,
zhaikpress.kz