Өткен жылдың 31 желтоқсаны күні Қаратөбе аудандық мəслихатының депутаттығына үмiткерлер Қадыржан Сүйеуғалиев, Нұрлан Меңдешов, Маралбек Амантаев, Мәулен Салахадден Қаратөбе колледжі ұжымымен еркін форматта жүздесті.
Кездесу барысында үміткерлер "Nur Оtan" партиясының Қаратөбе ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ауданымыздың дамуы мен кɵркеюi жолында партияның атқаратын жұмыстары жɵнiнде толыққанды мағлұмат бердi.
Қатысушылардың ұсыныс-тілектері айтылды. Колледж ұжымы тарапынан аудандық колледжге жаңа ғимарат салу жөнінде ұсыныстар айтылды. Үміткерлер аталған мәселе бойынша алдағы уақытта жұмыстанатындықтарын жеткізді.
Аудандық колледж ұжымын толғандыратын мəселелердi тыңдағаннан кейін кандидаттар 10 қаңтарда ɵтетiн сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы