Көп жағдайда қайырымдылық шаралары саяси науқанға ұқсап кетуде. Есеп үшін жасалған дүниенің солай болатыны анық. Ал сырымдықтар қайырымдылықты ешкімнің өтінішінсіз, ешбір ұйымның ұран-үндеуінсіз шын жүректерімен жасап жатыр.
Мәселен, Бұлдырты ауылындағы «Кердері» дүкені ауылдағы көпбалалы, табысы аз 10 жанұяның әрқайсысына 25 келілік қаптамадағы ұнды тегін беріпті. Басқа аудан-ауылдар азық-түлікті өзінің бағасына сатып алуға зар болып отырғанда, дүкеннің иесі Гүлшат Қуанышқалиеваның қапшық-қапшық ұнды ауылдастарына тегін үлестіруі – екінің бірінің жүрегі жібермейтін ерлік қой.
Үй салумен, көлік алумен емес, бір кезек жақсылықпен де жарысатын уақыт келген сияқты, құрметті кәсіпкерлер!
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz