Теректі ауданы бойынша қызыл су Подстепное ауылында әбігерге салып тұр.
Жыл сайын көшеге жайылып алатын қар суы биыл кей үйдің іргесін қақты.
-Подстепное ауылында үш-төрт күннен бері күрескен қызыл су тек бүгін ғана ретке келгендей. Төле би, Әйтеке би, Тәуелсіздік көшелері, Отырар, Сайрам мөлтек аудандары және тағы басқа жерлерде су сорғызылды. Оған жергілікті әкімшілік қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімі сарбаздары мен техникасы да тартылды.
Қазір де жергілікті әкімшілік ұйымдастыруымен тиісті шаралар атқарылып жатыр, - деген мәлімет берді Теректі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жарас Көпжасаров.
Жалпы биыл өңірдің қай жерінде де осындай жағдай болып тұр.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz