22.03.2021, 14:38
Оқылды: 21

«Қара шаңырақ шырағы»

Таяуда 22 наурыз – Наурыз мерекесі қарсаңында Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Ақбосаға» келіндер ансамблінің ұйымдастыруымен «Қара шаңырақ шырағы» атты онлайн іс-шара өтті.

1804DC43-8C33-440F-9A70-0124E54F0FC9

Әшекей бұйым тағып, ұлттық киімдер кию – сонау ықылым замандардан қалыптасқан дәстүр. Кешті тізгіндеген ансамбль жетекшісі Жанар Шуйкина осы тақырыпта бір әулеттің ибалы келіні, аяулы ана, жеке кәсіпкер Айгерім Боранбаевамен әңгіме өрбітіп, сүбелі сұхбат жүргізді. Сонымен қатар Айгерім Дауылбайқызы әшекейге деген қызығушылығының кішкентай кезінен бар екендігін, өзінің қолдан жасаған бұйымдары мен тіккен көйлектерін көрермен назарына ұсынды. Одан соң сахнада келіндер халық әні «Ахау керім» әнін тамылжыта орындады. Кейін «Ақбосаға» келіндер ансамблі қазақтың әшекей бұйымдарына ерекше мән бере отырып, ұрын бару дәстүрін орындап, қойылымдарын ұсынды.

B063F9B6-12C0-47D8-85EF-E8A28F94A41F

- Осындай бұйымдарды тағып, ұлттық киімдерді киіп жүру әрбір қазақтың қыз-келіншектеріне әдемі жарасары анық. Біздің қазақ бұйымдары әдемілігімен қоса жаңа естіп білгеніміздей жас әйелдің денсаулығына пайдалы, тіл-көзден сақтауға таптырмас бұйымдар. Бүгін мен сіздерге құралақан келген жоқпын. Сый-сияпатымды ала келдім,-деп Айгерім Дауылбайқызы «Ақбосаға» келіндер ансамблі мүшелері мен жетекшісіне ұлттық бұйымдарын сыйға тартты. Мерекелік іс-шара осылайша керемет көңіл күйде аяқталды.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале