13.01.2024, 10:00
Оқылды: 254

Қара сусыннан қауіп көп: коланың зияны қандай?

Бүгінгі таңда еліміздің барлық сауда орталықтарында тауар тұтынушылардың  үлкен сұранысына ие болып отырған сусын бар. Аты – «Coca-CoLa». Түсі қап-қара сусынды литрлеп ішіп бастап, келе-келе адамдардың бөшкелеп тұтынатынын бәрімізде білеміз. Тіпті, Американың бұл бренді әрбір секунд сайын 10 000 данасы  ішіледі деген статистикалық мәліметтер де бар.

8847274Фото: qazaly.kz

Бесіктен белі енді шыққан баладан бастап, еңкейген кәріге дейін осы бір сусынды көрсе «шыдап тұра алмайтындығы» шындық. Тіс басарға де, бешбармаққа да, тіпті шәй үстінде де  қара сусын үстелде тұрмаса көпшілігінің көңілі көншімейтіндігі рас. Той-топырларда, тіпті ас беру, садақаларда  да осы сусын түріне дастархан шетінен орын тиіпті. Шеттен келіп, санамызды жаулап алған бұл қандай сусын өзі деп кейде ойға қаласың. Ал көрші Ресей мемлекетінде бұл сусынға мүлдем тыйым салынған, өндіруге де, сатылымға шығаруға да рұхсат жоқ. Демек адамдардың пайдалануына да болмайды.

Бұл жолы мақаламызға негіз болып отырған «қара сусынның» зияндылығын айтсақ, төбе шашың тік тұратындай мәселе бар екен. Сол себепті пайдасын және зиянын да айтпақпыз.

Ал күштілігінде де сөз жоқ. Оның қасиетін тұрмыста қолдануға әбден болатындай.  Егер тамақ пісірілген ыдысты күйдіріп алсаңыз, тез арада кола сусынды құйып,  біршама уақыт қайнатып алу керек, нәтижесіне қуанасыз. Егер шашыңызды бояғанда ол түс ұнамай қалған жағдайда,  шашыңызды кола мен жусаңыз өз түсіне қайта оралады. Ескі тиындарды да кола сусынына салып қойып тазалап алуға болады. Коланы темір тотығын кетіру үшін де пайдаланады. Асыл бұйымдарды да осы сусынмен тазалауға болады екен. Тағы бір пайдасы, белігілі мөлшерлемені сақтап,  пайдалану арқылы  асқазан ауруларына көмегі бар болып шықты.

Тағы бір мысалды айтсақ, ауылдағы шаруасы шаш етектен болып, жүгіріп жүретін апаларымыздың айтуынша малдың ішек-қарнын тазалауда ара-тұра осы сусынды пайдаланып көріпті. Сусынды дүкеннен сатып алып, қарын салынған табаққа литрлеп құйып кеп жібереді екен. Ал аз-кем ұстаған соң, қарынның түгі сыпырылып, аппақ болып шығады. Енді ойлап қарасақ, әрқайсысымыз осы сусынды көбірек тұтынған сайын, біздің ішкі ағзамызда не болып жатқанын көзге елестетудің өзі қорқынышты емес пе?!

Дәрігерлердің айтуынша коланың  зияны өте көп, Адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Көбірек ішетін адамдардың бойында қант мөлшері көбейіп, түптің-түбінде қант диабетіне әкеп соғады. Оған қоса, адамның  сүйектері тез омырылғыш, тез желінгіш әлсіз болуы мүмкін. Себебі құрамындағы химиялық элементтер баладан бастап, үлкендердің де сүйектерінің әлсіздігін тудырады.

Еске алсақ, бұрынғы ата-бабаларымыздың, одан кейінгі ұрпақтарының да бойларында сүйек аурулары мүлдем сирек кездескен. Себебі, ішкен тағамдарының барлығы да табиғи таза. Мысалы құрт, ірімшік, сүт, айран, ет сияқты тағамдарда ағзаға қажетті  микроэлементтердің барлығы да молынан.  Сол себепті ауру болмаған. Ал қазіргідей қан аздық (анемия), сүйек ауру (остемиелит), остепороз тағы басқалай сүйектің кемік аурулары бүгіндері біртіндеп көбейіп келеді. Оның басты себептерінің бірі ағзаны қажетті минералдар мен дәрумендермен қамтамасыз ете алмуымыздан болса керек. Тағы бір  басты себеп – бұл кола сусындарын көптеп, мөлшерден тыс пайдалану деп дабыл қағады дәрігерлер. Себеп біреу – адам ағзасына қажетті минералдар, дәрумендердің аз түсуімен бірге, адам денесіне сусын арқылы химиялық қоспалардың ағзаға өтуі.

Ал, «Coca-CoLa» суысыны туралы тағы да айтсақ, негізінен бұл сусынды 1866 жылы дәрігер-фармацевт Джон Пемертон алғашқы рет дәрілік тұнба ретінде ойлап тауып, оны асқазан ауруларына қарсы емдік қасиеті бар деп дәлелдемек болған. Жасалған заттың құрамына қарасақ, газдалған су, қант, карамел түсі, кофейин мен дәмдеуіштер. Бірақ сусынның құрамына тағы бір нәрсе- 7Х деген ингредиент қосылады екен. Оның  құрамы және неден жасалғаны туралы ақпарат әлі күнге дейін құпия түрде сақталынады дейді шетел басылымдары.

Ал біздің нақты білетініміз,  колада қант құрамы өте жоғары және ащы сусын болып табылады. Кейбір түрінде фосфаттар да болуы мүмкін. Ал сусындағы фосфорды жер бетіндегі органикалық заттар құрайды деп айтылады.

«Coca-Colaның» құрамындағы зиянды қоспалар ас ішектердегі кальций, магний  және мырыш, темір элементтерін тезірек айдап шығып, зат алмасуды тездетеді. Нәтижесінде кіші дәретке жиі барасыз, дәретпен бірге ағзадағы барлық минералдарды, соның ішінде кальцийды  шайып отырады. Міне, зияндылығы сонда, сөйтіп адам ағзасы, қажетті  минералдарынан босап қалады.

«Қазір бәрімізде интернет пайдаланамыз, тіпті күнделікті қолданылатын тағамдардың құрамын біліп отыратын заманға жеттік қой. Өз басым осы бір сусынды сүйіп ішетін болғандықтан,  оның неден жасалғандығына көзімді жеткізбек болып, сол инетернеттен тексеріп қарағам. Сөйтсем, жақсы жағынан гөрі қауіптенер қасиеті көп екен. Сондықтан да балаларыма бұл сусынды ішуге тыйым салдым. Балалардың денсаулығына алаңдайтын әрбір ата-ана солай жасау керек», - дейді  шыңғырлаулық Болат атты азамат.

Кәсіпкерлерден сұрап білсек, сатылымға шыққан газдалған сусындардың ішінде осы Соla сусынына көбірек басымдық беріледі екен. Себебі дүкенге келген әрбір он адамның кем дегенде 4-еуі өзге де тауарына осы сусынды қоса сатып алатынын байқайды екен.

Жарнамаларында көрсетілген өзі алкогольсіз сусын, түсі  карамель Е-150, шыққан жері АҚШ, дәмі «Coca-CoLa-кола», «Кола-көк шай», «Кола-лимон», «Кола-лайм», «Кола-апельсин» және «Кола-таңқурай»  болып келетін сусынға елітіп, ағзаларыңызды бұзып алмаңыздар, әсіресе балаларға ішуге тыйым салған дұрыс дегіміз келеді.

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале