8.04.2021, 11:10
Оқылды: 45

Карантин талаптары сақталуы керек

Бір жылдан астам уақыт елді әбігерге салған індет беті қайтар емес. Бәйтерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары карантин режимін қатаң сақтау керек екенін қанша ескертсе де қауіпсіздік шараларына мойынсұнбай жүргендер азаймай отыр.

49EFDCED-E921-4BF1-923F-7C5AAF6DED1C

Жуырда Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің әкімдігі жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері ауылдағы адам көп шоғырланатын орындар мен дүкендерді аралап рейд жүргізді.

Шара барысында топ мүшелері әлі де ауру беті қайтпағандығын ескертіп, тұтынушылар мен сатушыларға карантин талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертті.

Бұндай рейдтік шаралар ауданның барлық округтерінде жүріп жатыр.

АТ ақпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале