25.08.2023, 15:00
Оқылды: 13

Қараоба ауылы техникалық сумен қамтамасыз етіледі

Казталов ауданында шекара маңындағы ауылдар мен елді мекендерге көңіл бөлініп келеді.

Шекараға жақын орналасқан ауылдардың бірі – Қараоба ауылы. Бүгінде Қараобада маңызы зор инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді.

20230823124214_IMG_5943

 «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищановпен бірге Қараоба ауылын техникалық сумен қамтамасыз ету пилоттық жобасымен, дәрігерлік амбулаторияның құрылысы және ауылішілік жолдарды жөндеу жұмысымен таныстық.

Партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының назарына алынған инфрақұрылымдық нысандарда жұмыс қарқын алған.

Дәлірек айтар болсақ, дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, жуырда пайдалануға берілмек. Ал Сарыөзеннен кіші Қараоба бөгетіне техникалық су тарту жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

20230823120841_IMG_5921
- Қазіргі уақытта Қараоба ауылын техникалық сумен қамтамасыз етуге 15-ке жуық құрылысшы, төрт техника жұмылдырылды. Жұмысты тамыз айының 2-сі күні бастадық. Қазіргі таңда 16 шақырымды құрайтын жобаның 9 шақырымы қазылып, су құбырлары орнатылды. Құрылыс мерзімі 10 айға жоспарланған, - деді учаске бастығы Сәбит Құбиев.

20230823121759_IMG_5928

Пилоттық жобаға 252 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылысты мердігер «Құрылысгаз» ЖШС жүргізіп жатыр.
Қараобадағы жол жөндеу жұмысында да ілгерілеу бар. Осы уақытқа дейін ауылішілік жолдарға топырақ төсеп, тегістеумен ғана шектелген мердігер жұмысты жандандыруда. Техникалардың саны артып, қажетті құрылыс жабдықтары уақытылы жеткізілген. «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищанов мердігерге жұмыс қарқынын арттыру қажеттігін ескертіп, жол жөндеуі партия назарында болатынын жеткізді.

20230823133628_IMG_6007

- Біздің мақсатымыз ауданда партияның ықпалымен жүзеге асырылып жатқан жобаларды қатаң бақылауға алып, халықты қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. Қараобаның ауылішілік жолдарын жөндеуі сапалы, әрі қарқынды жүргізілуі тиіс. Талап орындалмаса партия бұл мәселеге бей-жай қарамайтындығын ескерткім келеді. Біз халыққа сапалы жол салып, ауылды сапалы әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етуіміз керек, - деді ол.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале