2.10.2024, 17:16
Оқылды: 95

Қараөзен ауылында жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді

Бүгін Казталов ауданына қарасты Қараөзен ауылында екі пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді.

3F92F24B-F3E3-491A-98E2-F2D3E0623048

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдауды күшейтіп, тұрғын үй құрылысы мен оның қолжетімділігін арттыру қажет. Әсіресе көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударып, олардың баспанаға қол жеткізуіне барынша жағдай жасауымыз керек», – деген болатын.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Асланбек Сарқұлов өзінің құттықтау сөзінде:

– Президент тапсырмасына сәйкес биылғы жылы Казталов ауданы бойынша 28 елді мекенде үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап қос пәтерден 116 үйге қаржы бөлініп, жаңа тұрғын үйлер қолданысқа беріліп жатыр. Соның бірі бүгін Қараөзен ауылында жүзеге асырылып, жаңадан бой көтерген заманауи үлгідегі пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталып отыр. Қараөзендік ағайындар мен баспаналы болып отырған қоныс той иелерін ауылдастар атынан шын жүректен құттықтаймын. Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың қатары күн санап артып, ауылдастардың қуанышы сәт санап еселене берсін. Жаңа қоныс той құтты болсын, жерлестер, - деді.

33C3635C-68B0-48A6-89F1-04D6185FF853

Айта кетсек, Қараөзен ауылында жаңадан баспаналы болып жатқан қоныс той иелерінің қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ІІ топ мүгедегі Нұржан Дарын, ІІ топ мүгедегі Иманғазиева Ұлдай, көпбалалы отбасы Какимова Сандуғаш, көпбалалы отбасы Сәкенова Раушандар бар.

Көптің қуанышына ортақтасып, ауылдастарының жаңа баспаналы болуымен құттықтаған Қараөзен ауылының белсенді тұрғыны, зейнеткер Амангелді Кенжеғалиев мемлекеттік бағдарламаларды  уақтылы жүзеге асырып, әдемі тұрғын үй салуға мүмкіндік жасаған ел ағаларына, үйді салып берген мердігер Асхат Жұмановқа ауылдастары атынан алғыс айтса, қоныстой иелері атынан сөз алған Раушан Сәкенова да жаңадан баспана табыс етіп, өздерін зор қуанышқа бөлеген аудан, ауыл әкімдері мен тұрғын үйлерін сапалы етіп салып берген мердігер құрылысшыларға шексіз алғысын жеткізді.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале