"BIZ BIRGEMIZ" акциясы аясында Казталов ауданына қарасты Қараөзен ауылы жастары мен Қараөзен мектеп-лицейінің ұстаздары елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты жартылай қорғансыз, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, 10 отбасыға азық-түлікпен көмектесті.
Сонымен қатар білім жүйесінің қашықтан оқытуға көшуіне байланысты 5 ата-ананың ұялы телефонымен ғаламторда үздіксіз байланыста отырып, білім алуы үшін мобильдік тарифтермен қамтамасыз етілді. Бұл игі іспен тоқтап қалмай, еріктілер келесі айда да осы үрдістің жалғасын табатынын жеткізді. Бір қолыңмен бергеніңді, екінші қолың көрмесін демекші, басқа жастарға үлгі болсын деген ниетпен жариялап отырмыз. Осы істің басы қасында жүрген, материалдық, рухани қолдау көрсеткен барша жанға алғысымыз шексіз. Еліміз аты жаман індеттен аман-есен өтіп, бейбіт күніміздің шуақты күндері қайта оралса деген тілектеміз!
Уәлихан Сағидуллин
Казталов ауданы
zhaikpress.kz