12.03.2020, 17:13
Оқылды: 107

Қаратөбе аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізді

    Қаратөбе аудандық сотында Мұхит атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыларына заманауи жұмыс форматтары мен соттардың жаңа электронды сервистерімен таныстыру бойынша «Ашық есік күні» өткізілді.

sot (1)

Аудандық соттың төрағасы Мереке Шүкіров оқушыларға өзінің мемлекеттік қызметте еңбек ету тәжірибесімен бөлісіп, судьялардың жұмысы, сот жүйесін жаңғырту мен азаматтық сот ісін жүргізуге енгізілген  жаңашылдықтар туралы айтып берді.

Сот мекемесінің жұмысымен танысқан жасөспірімдер жаңа АБТ құрылғыларымен  жабдықталған сот залы, татуласу рәсімдерін өткізетін және «Отбасылық сот» бөлмелерін аралап көрді.

Ashyk esik

Сонымен қатар оқушылар кеңсе мамандары мен сот отырысы хатшыларының жұмысымен танысты. Экскурсия соңында оқушылар сот саласы мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, өткізілген шара үшін алғыстарын білдірді.

 Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале