5.08.2024, 16:45
Оқылды: 39

Қаратөбе аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өткен жиналыста аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан активіне Қаратөбе аудандық сотына жаңадан тағайындалған сот төрағасы Назаров Арман Тілектесұлын таныстырды.

B2D24E53-CDE5-43D8-A2B5-7051B6CA5B6B

Актив жиналысында Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ізбасаров Азат Өмірбекұлы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қаратөбе аудандық сотының төрағасы болып тағайындалған Арман Тілектесұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, қызметін абыройлы атқаруға сенім білдірді.

Актив жиналысында сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудандық сот мекемесіне жаңадан тағайындалған сот төрағасы Арман Назаровтың алдағы қызметіне толайым табыс тіледі.

02C62806-074E-40F3-A8C8-3FB2307EFD85

Жаңа сот төрағасы Арман Тілектесұлының аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін шешу, халықтың аудандық сот жұмысына деген сенімін арттыру бағытында жұмыс жүргізетіндігіне үлкен сенім артамыз, - деді Қадыржан Орынбасарұлы.

Алқалы жиынға құқық қорғау органдары басшылары, аудандағы бөлім басшылары мен аудан орталығындағы мекеме басшылары қатысты.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале