Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде аудан әкімінің 2022 жылғы 23 мамырдағы №62 өкімімен Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Қайрат Нұржанұлы Төлепов тағайындалды.
Қайрат Төлепов – 1982 жылы Сырым ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2004 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Маркетинг және коммерция» мамандығы, 2011 жыл Батыс-Казақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Сырым ауданы экономика және қаржы бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2006-2008 жылдары Сырым ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Сырым аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2008-2014 жылдары Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, бөлім басшысы, 2014-2017 жылдары Жымпиты ауылдық округінің әкімі, 2017-дан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты талдау және бақылау бөлімінің бас инспекторы, бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарады.
2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап жаңа тағайындауға дейін БҚО әкімі аппаратының бас инспекторы лауазымында қызмет атқарды.
Отбасылы, 4 баласы бар.
Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев жаңа лауазымға тағайындалған аудан әкімінің орынбасарын аудан активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.