15.12.2025, 23:00
Оқылды: 5

Қаратөбе ауданы: Қаракөлде жаңа ветеринарлық пункт ашылды

Қаракөл ауылдық округі Ақтайсай ауылында ветеринарлық пункттің ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұханбетов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев арнайы қатысты.

Қаракөл. Ветпункт 3

Биылғы жылы Қаратөбе ауданы бойынша ауылдық округтерге ветеринарлық пунттер салу, мал қорымдарын жаңарту жұмыстары атқарылып, бүгінгі күні облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Батыс Қазақстан облыстық Ветеринария басқармасының қолдауымен Қаракөл ауылдық округі Ақтайсай ауылында жаңа ветеринарлық пункт ашылып, жаңа ғимарат пайдалануға берілді.

Қаракөл. Ветпункт
Жаңадан салынған ветеринарлық пункттің ашылуында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұханбетов және ауыл ақсақалы Серік Алдабергенов құттықтау сөз сөйлеп, қаракөлдіктерді жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.
Шара барысында ветеринарлық пункт ғимаратын құрылысын жүргізген «Сембаев» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Мерхат Маратұлы жаңа ғимараттың кілтін Қаракөл ауылдық округі ветеринарлық пункт меңгерушісі Құрманбек Орынғалиұлына табыстады.

Қаракөл. Ветпункт 2
Жаңа ветеринарлық пункітті ашып, лентасын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Аймұхамбетов пен Серік Алдабергенов қиды.
Әжелер тәттілерден шашу шашып, ауыл тұрғындары жаңадан салынған ветеринарлық пункттің ішін аралап көрді.

Серікбай Жәлелұлы
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале