6.12.2023, 21:33
Оқылды: 26

Қаратөбе ауданында «AMANAT» партиясы активінің отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының партиялық актив жиналысы өтті. Аталған жиынға «АМАNАТ» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, БҚО мәслихатының депутаты Ақылбек Сағитов арнайы қатысты.

АМАНАТ ПАРТИЯ ЖИНАЛЫС (7)

Партия активін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Абат Зейнуллин жүргізіп, кездесудің мақсатына тоқталды.

АМАНАТ ПАРТИЯ ЖИНАЛЫС (8)

Еркін форматта ашық пікір алмасу бағытында өткен жиында сөз алған «АМАNАТ» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев:

– «AMANAT» партиясы әр кезде мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партия. Келесі жылы партиямыздың құрылғанына 25 жыл толады. Ұлттық мұрамызды, мәдениетімізді, тіліміз бен әдебиетімізді сақтауға, оның дамуына жағдай жасап отырған партия. Бұл бағытта партиямыздың ауқымды жобалары бар. «AMANAT» партиясы мемлекеттік мүддеге адал, қоғаммен тығыз байланыста жұмыс атқаратын партия болып саналады. Соңғы кездері өзекті мәселелерді зерттей отыра қоғамға, тұрғындарға аса қажетті «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобалары сәтті іске асырылып келе жатыр. Партиямыз сайлаушылар аманатын орындайтын, халық үніне құлақасатын партия ретінде халықтың талап-тілектерін орындау мақсатында партияның сайлауалды бағдарламаға енгізілді. Аудандардағы халық өкілдерімен партиялық бақылау комиссиялары арқылы халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, билік өкілдерінің оң шешім қабылдауына ықпал етеді. Осы бағытта «Құқықтық көмек», «Халыққа қызмет» жобаларын атап өтуге болады, - дей келе «АМАNАТ» партиясы қолға алған өзге де жұмыстарын атап өтті.

Жиын барысында «АМАNАТ» партиясы БҚО филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Төремұратовқа сөз беріліп, партияның облыстық филиалының саяси бөлімінің меңгерушісі Ажар Нұралы, облыстық мәслихат депутаты Ақылбек Сағитов, «Жастар Рухы» ЖҚ жетекшісі Архад Исламғалиевтер сөз сөйлеп «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының атқарған жұмыстары турасында тоқталды.

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев «АМАNАТ» партиясының мемлекеттік саясаттағы алар орыны ерекше екендігіне тоқталып, партия жұмысының ауқымдылығын атап өтті.

АМАНАТ ПАРТИЯ ЖИНАЛЫС (10)

Актив жиналысының қорытындысында «АМАNАТ» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев партия жұмысының қарқынды жүруіне атсалысқан бастауыш партия ұйымдарының төрағаларын алғысхатпен марапаттады.

АМАНАТ ПАРТИЯ ЖИНАЛЫС (4)

Сапар барысында актив отырысына қатысушылар Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейін аралап, тарихи деректермен танысты.

АМАНАТ ПАРТИЯ ЖИНАЛЫС (3)

Серікбай Хасанов, 

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале