Жуырда Қаратөбе аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша Қалдығайты ауылының тұрғындарымен жүздесті.
Мәдениет үйінде өткен кездесуде үміткерлер сайлау туралы ақпараттар беріп, бағдарламаларын жан-жақты таныстырды.
Кандидаттар кездесу барысында ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, оларды алдағы 10 қаңтардағы сайлауға бір кісідей қатысуға және "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
Ал 19 желтоқсанда "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Қ.Сүйеуғалиев, М.Амантаев Қоскөл ауылының тұрғындарымен, жастарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидаттар "Nur Otan" партиясы тарапынан ел игілігі үшін атқарылып келе жатқан жұмыстармен және алдағы бес жылдағы партия бағдарламасымен таныстырып, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Серікбай Жәлелұлы,
Қаратөбе ауданы