Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы – халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы болып отыр.
- Өткен жылы аудан бойынша бағдарлама аясында 25 адам техникалық және кәсіби оқытуға, 47 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды.
1656 адам жұмысқа орналастырылды (тұрақты жұмыс - 1068, әлеуметтік жұмыс - 28, «Жастар практикасы» - 111, қоғамдық жұмыстар - 449).
599 (402) жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті кезеңге 804 (518) жаңа жұмыс орындары ашылды. Соның ішінде 421 (385) тұрақты жұмыс орындары, 383 (133) уақытша жұмыс орындары.
«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында 4 инфрақұрылымдық жобаның 3 жүзеге асырылды, 1 ауыспалы болуына байланысты ағымдағы жылы аяқталуы тиіс. Аталмыш бағдарлама негізінде барлығы 107 уақытша жаңа жұмыс орындары ашылды. Соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 56 жұмыссыз аудан тұрғындары жұмысқа орналастырылды, - дейді аудан басшысы Ж.Асантаев.
«Қаратөбе өңірі»,
zhaikpress.kz