Қаратөбе ауданының Саралжын ауылдық округіне қарасты Сәуле елді-мекенінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
«Бестабан» және «Бес асық», «Аударыспақ», «Тазы үйрету» ұлттық ойын түрлері ойнатылып, ежелден халқымыздың жеті қазынасының бірі санаған тазы итті ертіп, жылқы ерттеген азаматтар алаңда өз қарым-қабілеттерін көрсетті.
Тартысты өткен додада Еркебұлан Қарақойшы жеңімпаз болды. Жанболат Есқалиев атты ерттеу ретін көрсетсе, тазы асырап, талай додаларда топ жарып жүрген ұлттық спорт жанашыры Азамат Әсемов тазы итінің тұрпатына қарай күтіп-баптау жолдарын көрсетті. Ата дәстүрін жалғастырған Азамат Бақтыгерейұлы күшіктерді Жымпиты ауданынан және Ақтөбе облысынан алып келген, қазіргі таңда қолында таза қанды 4 тазы бар.
Шара соңында жүлдегерлер әкімшілік тарапынан марапатқа ие болды.
Тұрсынай Нағымова
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz