Бүгін Қаратөбе ауданында өткен оқу жылында үздік шығып, халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанған оқушылар үшін «Талап, еңбек, терең ой...» атты үздіктер шеруі өтті.
Аудан әкімі Жанат Асантаев құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлдегер болған оқушыларды және жетекшілерін марапаттады.
Ауданымызда халықаралық додаларда бағын сынап, жетістікті бағындырған 13 оқушы болса, республикалық білім додаларының жеңімпаздары 17 оқушы, облыстық байқаулардағы жүлдегер оқушы саны – 117.
Шара барысында Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы, халықаралық олимпиаданың жүлдегері Бекбол Талап ұстаздары мен аудан әкіміне алғыс айтса, Үшағаш негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы, республикалық, облыстық «Қадыр оқулары» байқауының бас жүлде иегері Нұрайна Сыйлыбекқызы Қадыр Мырза Әлінің «Туған жер туралы толғау» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Үміт Шурина,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz