6.12.2022, 15:00
Оқылды: 52

«Қаратөбе» құрамасы екі дүркін чемпион атанды

Кеше Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен облыстық жоғары спорт мектебінің базасында Батыс Қазақстан облысы мәдениет мекемелерінің қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.

6

Турнир дене шынықтыру арқылы сала қызметкерлерінің белсенділігін арттыру, денсаулығын нығайту, өміршеңдігін қамтамасыз ету, мәдениет саласы қызметкерлерінің арасындағы іскерлік байланысты нығайту және мәдениет саласы қызметкерлерінің белсенді өмірлік ұстанымын және ынтымақтастығын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталмыш турнирге Батыс Қазақстан облысы аудандарынан және облыс орталығынан барлығы 12 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Олар – Ақжайық, Шыңғырлау, Қаратөбе, Бөрлі, Казталов, Жаңақала, Тасқала, Сырым, Бәйтерек  аудандары және Қ.Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығы,  Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармония, қалалық мәдени ағарту бірлестігі.

Тартысқа толы ойын нәтижесінде «Қаратөбе» құрамасы турнир жеңімпаздары атанып, турнирдің екі дүркін чемпионы атанды.

5

Турнир барысында үздік ойын көрсеткені үшін қаратөбелік ойыншы Әділғазы Меңдіғали «Үздік шабуылшы» аталымымен марапатталды.

– Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Күнделікті дайындық нәтижесінде көп тәжірибе жинап, чемпион атандық. Ойында қарсыластар мықты болды. Бірақ, бізде осал емес екендігімізді дәлелдедік. Қолдау білдірген жандарға алғыс айтамын, - дейді команда капитаны Рүстем Ақташев.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале