Бүгін таңмен ерте облыстық ақындар айтысының жүлдегері, ақын А.Қауеновтың 70 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысына қатысушы меймандар ақынның кіндік қаны тамған қасиетті Қаратөбе өңіріне қадам басты.
Айтыс өнерінің айтулы тұлғаларын, ақынның тума-туыстарын Қаратөбе ауданы шекарасынан аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев бастаған ел азаматтары құрметпен қарсылап алып, қадірлі меймандарға ата-баба салтымен ақ дәм ұсынып, әннен шашу шашты.
«Айтыстың Ақсұңқары ең...» республикалық ақындар айтысы аясында елге келген меймандардың қатарында айтысқа қазылық етуші өңірімізге белгілі тұлғалар, А.Қауеновтың жары Рая апа, қос қызы Шынар және Жазира Қауеновалар мен бала-келіні Шынтас Қауенов пен Гүлден сынды ағайындары бар.
Айта кетерлігі, айтысқа Нұр-Сұлтан, Алматы қаларларынан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарынан және Жәнібек, Бөкей ордасы, Ақжайық, Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандарынан 14 ақын қатысады деп күтілуде.
Райымбек Абай,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz