20.07.2022, 9:30
Оқылды: 120

Қаратөбе өңірінде – қадірлі меймандар

Бүгін таңмен ерте облыстық ақындар айтысының жүлдегері, ақын А.Қауеновтың 70 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысына қатысушы меймандар ақынның кіндік қаны тамған қасиетті Қаратөбе өңіріне қадам басты.

2

Айтыс өнерінің айтулы тұлғаларын, ақынның тума-туыстарын Қаратөбе ауданы шекарасынан аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев бастаған ел азаматтары құрметпен қарсылап алып, қадірлі меймандарға ата-баба салтымен ақ дәм ұсынып, әннен шашу шашты.

3

«Айтыстың Ақсұңқары ең...» республикалық ақындар айтысы аясында елге келген меймандардың қатарында айтысқа қазылық етуші өңірімізге белгілі тұлғалар, А.Қауеновтың жары Рая апа, қос қызы Шынар және Жазира Қауеновалар мен бала-келіні Шынтас Қауенов пен Гүлден сынды ағайындары бар.

1

Айта кетерлігі, айтысқа Нұр-Сұлтан, Алматы қаларларынан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарынан және Жәнібек, Бөкей ордасы, Ақжайық, Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандарынан 14 ақын қатысады деп күтілуде.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале