17.10.2018, 12:41
Оқылды: 51

Қаратөбеде 212 адам маусымдық жұмысқа орналасты

Жылыту маусымының басталуына орай Қаратөбе ауданының орталығы мен ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандардың жылыту жүйесі операторларына арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.

qaratobe (2)

                    Шарада алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали жұмыс іздеушілерге жәрмеңкенің өту тәртібі туралы түсінік берді.

Жәрмеңкеге 40 мекемеден 212 бос жұмыс орындары ұсынылып, 260 үміткер қатысты.

Бос орындар жәрмеңкесі түрлі себептермен жұмыстан қол үзіп қалған, қазіргі уақытта мамандығына сәйкес жұмыс іздеушілерге лайықты жұмысқа орналасуына ықпал жасау мақсат-міндеттерін көздеді.

Жұмыс іздеушілер алдында сөз сөйлеген аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Жұмағалиева ең алдымен еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуды аяқтаған жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бірінші кезекте жұмыспен қамтылатындығын жеткізді.

Шара қорытындысында 212 жұмыссыз адамға жылыту жүйесі операторлығына орналасуға жолдама берілді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале