17.10.2018, 15:22
Оқылды: 49

Қаратөбеде әйелдер форумы өтті

Қаратөбе аудандық «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы. Әйел және бизнес» тақырыбында  аудандық IV әйелдер форумы өтті.

IMG_6063

Алдымен мәдениет үйінің фойесінде ауылдық округтерден келген он саусағынан өнер тамған қыз-келіншектердің қолымен жасалған бұйымдар мен тәтті тағамдар көрмесі қойылды.

Форумның ашылу салтанатында қоғамдағы тұрақтылық пен еліміздің қалыпты дамуындағы әйелдер рөлінің жоғары екенін атап өткен аудан әкімі Жанат Асантаев:          «Әйелдің жаны нәзік, жолы жіңішке» деген, сіздің біліміңіз, тәжірибиеңіз, іскерлік қабілетіңіз өмірді жақсарта түсетіндігіне сенімдімін. С Ұлт тәрбиелеу мен қоғамдағы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді.

Форумда жанұя жылуын, шаңырақ шаттығын сақтай отырып, халқымыздың мәдениеті мен тарихын қадірлеп, салт-дәстүрдің дамуына үлес қосып жүрген бір топ нәзік жандыға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

БҚО әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясатты дамыту жөніндегі комиссия хатшысы Алтын Жұмағазиева облыс көлемінде атқарылған жұмыстар барысына тоқталып, БҚО әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың алғыс хатын Айжан Жұмағалиқызы мен Нұржамал Сәрсенқызына табыстады.

Форум жұмысының екінші бөлімінде «Қоғам, отбасы, бизнестің дамуындағы әйелдің рөлі» тақырыбында Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Бақытгүл Жәңгірова, БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Шынар Датқызы сөз сөйлеп, ауданда қылмыстық, зорлық-зомбылық іс тіркелмегендігін айтты. Он алты неке бұзу туралы азаматтық іс қаралғандығына тоқталды.

Әйелдер форумында сөз сөйлеген Сырым аудандық «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәншүк Бахитова қыз бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер келтірсе, Жусандыой ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Айжан Жолымбетова аталған округте атқарылған жұмыстарды баяндап берді.

Жиынның соңғы бөлімінде отбасының қарым-қатынасы және ұрпақ тәрбиелеудегі ананың рөлі туралы пікір алмасты. Форум жұмысының қарары қабылданды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале