Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, ақын А.Қауеновтың 70 жылдығына арналған «Айтыстың Ақсұңқары ең...» атты республикалық ақындар айтысы басталды.
Қасиетті Қаратөбе топырағын алты алашқа айтыс өнерімен танытқан Александр Қауеновке арналған мәдени шараны алғы сөзбен ашқан аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ақындар айтысына қатысушы қонақтарға қош келдіңіз айтып, қара сөзден маржан терген ақындарға сәттілік тіледі.
Айтысқа Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-ұстаз Дариға Мұштанова, айтыскер ақын, композитор Ерікқали Ахметов, ҚР білім беру ісінің үздігі, ақын-ұстаз Үзілдік Елеубайқызы, айтыскер ақын Жандос Әмірғали, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов қазылық етуде.
Айтысқа әр аймақтан 14 ақын келіп, шымкесте өлең өрнегін төгілтіп, сөз маржанын теруде.
Айта кетейік, айтыс аламанына қаратөбелік айтыскер ақын Райымбек Өтепов те қатысуда.
Райымбек Абаев,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz