Ұлыстың ұлы күнінде Қаратөбе ауданында игілікті шаралар ұйымдастырылуымен қатар, әр жыл сайын «Наурыз қоржын» таратылады.
Осы үрдіс брйынша аудан басшысы Жанат Асантаев аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, «Наурыз қоржын» таратты.
- Наурыз – жаңару мен түлеудің, достық пен ынтымақ мерекесі. Мереке аясында баршаңызға амандық-саулық, береке-бірлік тілеймін.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Мереке құтты болсын! - деді аудан басшысы Жанат Асылханұлы.
Маралбек Амантаев
Қаратөбе ауданы
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер