11.02.2021, 19:47
Оқылды: 47

Қаратөбеде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа музей салынды

Өткен жылы әлемді жайлаған пандемияға байланысты ауданымызда ұлттық дәстүріміз бен тарихымызды насихаттау бағытындағы жұмыстар, мәдени және спорттық іс-шаралар онлайн түрде өтті.

Слайд17

- Тарихты және ұлы тұлғаларымызды ұлықтау мақсатында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына, Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына, Е.Хасанғалиевтың 80 жасқа толуына орай, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай онлайн түрде виртуалды кітап көрмелері, әдеби-сазды кештер, дөңгелек үстелдер, танымдық кештер, аудандық байқаулар, онлайн ән кештері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар ишан, көріпкел, әулие, ғалым Едіге Шымырұлының туғанына 170 жыл толуына орай «Құт өлкенің темірқазығы» атты аудандық онлайн конференция, ҚР құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы, ақын Қайыржан Хасановтың «Ауылдың тарихын зерттеген Аман» атты кітабының тұсаукесері онлайн түрде өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымызда көптеген істер атқарылды. Оның бірегейі – ағайынды Ержан және Нұржан Хасановтардың заманауи технологияларды пайдаланып жасақталған жаңа музей ғимараты.

Еріктілер жылында аудан жастарының арасында «Мейірім» деп аталатын волонтерлық топ құрылды. Еріктілер тобы бетперде тігіп,  аудан халқына тегін тарату, антисептикалық заттармен қамтамасыз ету, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлік үлестіру, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету сынды түрлі қайырымдылық шаралар өткізуде жоғары белсенділік танытты, - дейді Ж.Асантаев есептік кездесуде.

 

«Қаратөбе өңірі»,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале