17.11.2023, 16:45
Оқылды: 13

Қаратөбеде діни ахуал тұрақты ма?

Қаратөбе ауданына Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаев келіп, діни ахуалмен танысты.

 Аудандағы діни ахуал тұрақты (2)

Алдымен аудан әкімдігіне келіп, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанның қабылдауында болды. Кездесу барысында ауданда болып жатқан жағдайлармен танысты.

–Ауданға келген мақсатымыз негізінен дін мен дәстүрді ұштастыру бағытында мешіттегі діни ахуалды, мешіттің жай-күйін қарап, имамдармен және жамағатпен бас қосып, сұрақтарына жауап беріп, діни мәселелерді талқылау. Енді сіздерден керегі аудандағы имамға үнемі қолдау білдіріп жүрсеңіздер екен. Біздің сіздерге ықыласымыз осы, - деді Самат Қанатқалиұлы.

Аудандағы діни ахуал тұрақты (1)

– Ауданға қош келдіңіздер! Жалпы ауданда жағдай бір қалыпты. Діни ахуал тұрақты. Ауданның бас имамы Әділжан Төлебайұлы мен теолог маман Әмірбек Әлібекұлы үнемі бізбен байланыс жасап отырады. Біз осы екі адамға сенеміз. Отырған жерімізде дінімізбен бірге дәстүрімізді де айтып отырамыз. Жалпы жағдай бақылауда, - деді өз Жасұлан Кәрелұлы.

Аудан әкімдігіндегі кездесуден кейін аудан орталығындағы мешітте болып, мешіттің жағдайымен танысты. Жиналған жамағатпен кездесу өткізіп, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

 

Бекжан Тұрсынғалиұлы.

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале